04 жел, 2025 сағат 11:10

Ақтөбеде жасөспірім өз анасын пышақтап өлтірді


Фото: stan.kz

Ақтөбеде пәтерлердің бірінен 41 жастағы әйелдің пышақ жарақаттары бар денесі табылды. Сонымен қатар ауруханаға оның жасы келген анасы да жеткізілді — ол да жарақаттанған, бірақ аман қалған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті жариялады деп хабарлайды Ult.kz.

Күдікті ретінде 11-сынып оқушысы ұсталды. Ол кінәсін мойындаған.

«Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жалғасып жатыр», — делінген хабарламада.