01 ақп, 2023 сағат 11:47

Бұрынғы Экология министрі жаңа қызметке тағайындалды

Фото: primeminister.kz

Серікқали Брекешев "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол газ жобаларының дамуын қадағалайтын болады.

Серікқали Брекешев 2021 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың қаңтарына дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарды. Ал жаңа министр болып Зүлфия Сүлейменова келді.