07 ақп, 2023 сағат 16:47

Бұрынғы вице-адмирал Жандарбек Жанзақов ақталды - адвокат

Фото: stan.kz

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы, бұрынғы вице-адмирал Жандарбек Жанзақов ақталды. Шешімді Жоғарғы Сот шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бостандыққа шыққаны туралы ақпаратты бұрынғы жоғары шенді әскери қызметкердің адвокаты Әсел Тоқаева таратты. Оның айтуынша, Жоғарғы сот бас прокурордың наразылығы бойынша Жанзақовты ақтап шыққан.

"Біз бұған төрт жылға жуық уақыт жұмсадық. Біз оның (Жандарбек Жанзақов – еск.) кінәсіз екенін дәлелдедік", - деді Тоқаева.

Жандарбек Жанзақов 2020 жылдың мамырында сотталған болатын. Ол әскери келісімшарттарды жасасу кезінде өз өкілетін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Әскери-теңіз күштерінің экс-басшысы алты жылға бас бостандығынан айырылып, "вице-адмирал" шенінен айырылды және өмір бойына Қарулы Күштерде, құқық қорғау органдарында, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқара алмайтын болды. Сондай-ақ, мемлекетке 42 миллион теңге шығынды қайтаруға міндеттелді.