19 мам, 2025 сағат 16:36

Бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапановқа қатысты сот үкімі шықты

Фото: ашық дереккөз

Астанада Мәдениет және спорт экс-вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ult.kz.

Ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар Қожағапановқа мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынып, мемлекеттік наградалардан айыру туралы шешім қабылданды.

Іс бойынша екінші айыпталушы SUCCESS K агенттігінің бас директоры Ләззат Көккөзова 5 жылға сотталды. Оған 1 миллиард теңгеден астам материалдық шығынды өтеу міндеттелді.

Еске салайық, Қожағапанов 2018 жылы Петропавлда өткен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумын ұйымдастыруға байланысты жасалған қаржылық бұзушылықтар үшін айыпталған болатын.