24 ақп, 2023 сағат 11:10

БҰҰ Бас Ассамблеясы Украинаға қатысты қарар қабылдады: Қазақстан қалыс қалды

Сурет: https://twitter.com/ZelenskyyUa/status/1628864033246904322

БҰҰ Бас Ассамблеясында Украинаға қатысты қарар бойынша дауыс беру кезінде Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан және басқа да бірқатар ел қалыс қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.

БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған қарар Ресейден Украинадағы әскерлерін толық шығаруды және соғыс қимылдарын тоқтатуды талап етеді, сондай-ақ украиналық "бейбітшілік формуласы" ережелерін біріктіреді.

193 мүше елдің 141-і резолюцияны қолдап дауыс берді, қарсы дауыс бергендер - Ресей, Беларусь, Сирия, Солтүстік Корея, Эритрея, Никарагуа және Мали.

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Үндістан және тағы 28 мемлекет дауыс беруге қатысқан жоқ.

Айта кетейік, Бас Ассамблеяның қарары міндетті заңды күшке ие емес.