24 қаз, 2019 сағат 17:07

БҰҰ-да Қазақстандағы әйелдердің рөлі жөніндегі баяндама таныстырылды

Швейцарияның Женевасындағы БҰҰ-ның әйелдерге қатысты кемсітушіліктерді жою жөніндегі комитетінде (Комитет) Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою жөніндегі конвенцияның Қазақстан Республикасымен орындауы туралы баяндаманы қорғау өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстандық делегация құрамына Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі, Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Сыртқы істер, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің, ҮЕҰ өкілдері, сонымен қатар Адам құқықтары жөніндегі уәкіл енді.

Қорғау барысында делегация басшысы, Ұлттық комиссия төрайымы Г.Әбдіқалықова БҰҰ сарапшыларының назарына Әйелдердің қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік саладағы, әйелдерді кемсітумен күресудегі рөлін жоғарылату бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметімен, Парламентімен және үкіметтік емес секторларымен ортақ қабылданған амалдары туралы баяндамасын ұсынды.  

Делегация мүшелері Комитет сарапшыларының сұрақтарына жауап берді және Қазақстандағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бойынша негізгі өзгерістер туралы ақпарат ұсынды, оның ішінде:

  • гендерлік саясатты іске асыру бойынша іс-қимылды үйлестіру тетіктерін әзірлеу;
  • барлық саладағы әйелдердің үлесін ұлғайту;
  • бизнес ашуға, оның ішінде ауыл әйелдеріне арналған мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту;
  • әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау және т.б.

Комитет мүшелері өздерінің сұрақтары мен пікірлерінде Қазақстанның Конвенцияны іске асыру мәселелерінде алға жылжығанын атап өтті.

Дүниежүзілік экономикалық форумның бағалауы бойынша Қазақстан 2018 жылы гендерлік алшақтық рейтингі бойынша 149 елдің ішінде 60-шы орынға ие болды, оның ішінде білім алу бойынша – 30-шы, әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін жүзеге асыру бойынша – 32-ші орында. БҰҰ Даму бағдарламасының адами даму жөніндегі есебіне сәйкес Қазақстан 2018 жылы Гендерлік даму индексі бойынша 58-ші орынға ие болды

Комитеттің отырысы қарсаңында гендерлік теңдік мәселелеріне баса назар аудара отырып, Президент Қ.К.Тоқаевтың Жолдауы талқыланған дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында Г.Н.Әбдіқалықова, Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілі Ж.С.Айтжанова, БҰҰ Женевадағы бөлімшесінің бас директоры Т.Д.Валовая, сонымен қатар Бразилияның, Кореяның, Оңтүстік Африканың, Таиландтың тұрақты өкілдері сөз сөйледі.

Айта кетейік, әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі комитет (ӘКЖК) қатысушы-мемлекеттердің Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы конвенцияны орындауын бақылайтын тәуелсіз сарапшылар органы болып табылады. Келісім-шарттың қатысушылары болған елдер төрт жылда бір рет Комитетке сәйкес құқықтарды жүргізгені туралы баяндамаларын ұсынуға міндетті. Комитет өзінің сессиялары кезінде әр қатысушы-мемлекеттің баяндамасын қарастырады және оларға қорытынды ескертулер түрінде өз ойлары мен ұсынымдарын жеткізеді. ӘКЖК әлемнің барлық жерінен келген  әйелдер құқығы жөніндегі 23 сарапшылардан тұрады.