13 ақп, 2023 сағат 10:26

CNN Саакашвилидің палатадағы видеоларын жариялады

©CNN

CNN телеарнасы Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили жатқан Тбилисидегі "Вивамеди" клиникасы палатасынан бейнебақылау камерасына түсірілген видеоларды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видеолардың бірінде Саакашвили төсегіне бармақшы болғанда, жүре алмай, тізесімен құлап жатқаны көрінеді. Тағы бір видеода Саакашвили төсектен құлап қалады, ал медбике оның қолын ұстауға тырысады. Оның қолынан келмегенсін, көмекке үш ер адам - ​​емхана қызметкерлері келеді.

Бұл жазбалар бұрынғы мемлекет басшысының палатасында 2022 жылғы қазанда түсірілгені атап өтілді.