19 нау, 2021 сағат 15:53

Дәрігерлер Алматыда мопед қағып кеткен сәбидің жағдайы туралы айтты

Дәрігерлер Алматыда мопед жүргізушісі қағып кеткен баланың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бала үш айлық. Ауруханаға бастың жұмсақ тіндерінің көгеруі белгілерімен түсті. Балалар нейрохирургі қарағаннан кейін үйіне амбулаториялық бақылауға жіберілді. Баланың жағдайы қалыпты», - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске салайық, жол апаты 16 наурыз күні түскі сағат 13:20-да болды. Мопед жүргізушісі Төле би көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Брусиловский көшесінде ішінде үш айлық бала жатқан бесікарбаны соққан. 

Кейін, Полиция қызметкерлері мопед жүргізушісін анықтап, оны ұстады. Ер адам жазадан қорқып, апат орнынан қашып кеткен.