Дәрігерлер Алматыдағы жанармай құю бекетінің құдығына түсіп газбен уланып қалған адамдардың денсаулығы туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2021 жылдың 27 сәуірінде Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының жансақтау бөліміне жанармай құю бекетінде метан газынан уланған үш адам ес-түссіз жағдайда келіп түсті.
«Қазір үшеуі де жансақтау бөлімінде, естерін жиды. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр», - деп хабарлады басқармадан.
Еске салайық, кеше Алматыда жанармай құю станциясының 3 қызметкері есептегіш құралдың мәліметтерін білу үшін құдыққа түсіп, уланып қалған болатын.
