21 сәу, 2023 сағат 11:48

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Фото: elements.envato.com

Синоптиктер 22-24 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазгидромет мәліметінше, алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына Қара теңіз аймағынан жылжыған кезекті циклон әсер етеді. Ол батыстан шығысқа қарай жылжып, соның ықпалынан жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) болады.

Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі. Ал оңтүстік өңірлерде найзағай мен шаңды дауыл болжанады.