23 ақп, 2023 сағат 20:44

Деструктивті діни ағым ұстанушылар мешітте намаз оқуға кедергі жасаған

Көрнекі сурет: Азаттық радиосы

Қызылорда облысында деструктивті діни ағым ұстанушылар мешітте намаз оқуға кедергі жасаған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Рolisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Тексеру жұмыстары барысында деструктивті діни ағымды ұстанатын 3 азамат мешіт қызметкерінің заңды талаптарына бағынбай, діни қызметке кедергі жасағаны анықталды.

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 2-бөлігімен "Заңды діни қызметке кедергі келтіру" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды" - делінген хабарламада.

Сот қаулысымен олардың барлығы кінәлі деп танылып, әрқайсысына 120 750 теңге айыппұл салынған.