22 жел, 2022 сағат 15:48

Доллар бағамы 3 теңгеге арзандады

Фото: Ашық дереккөзден

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 3,03 теңгеге төмендеп, 466,98 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 22 желтоқсандағы ресми бағамы - 470,28 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 466,37 теңге, сату – 469,65 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 465,61 теңгеден сатып алынып, 469,48 теңгеден сатылып жатыр.