21 жел, 2022 сағат 15:44

Доллар бағамы 470 теңге болды

Фото: inform.kz

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтеріліп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,99 теңгеге көтеріліп, 470,28 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 21 желтоқсандағы ресми бағамы - 469,18 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 469,92 теңге, сату – 473,05 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 468,71 теңгеден сатып алынып, 471,89 теңгеден сатылып жатыр.