02 нау, 2023 сағат 15:55

Доллар бағамы 6 теңгеге арзандады

Фото:atpress.kz

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 5,98 теңгеге төмендеп, 435,69 теңге болды.

Айта кетейік, АҚШ валютасының 2 наурыздағы ресми бағамы - 442, 11 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы - 434 теңге, сатып алу - 439 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы - 435 теңгеден болса, сатып алу - 438 теңге.