09 жел, 2022 сағат 15:40

Доллар бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,10 теңгеге көтеріліп, 472,14 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 9 желтоқсандағы ресми бағамы - 472,17 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 469,99 теңге, сату – 473,64 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 471,24 теңгеден сатып алынып, 474,32 теңгеден сатылып жатыр.