03 нау, 2023 сағат 15:55

Доллар бағамы қайта төмендеді

сурет ашық дереккөзден алынды

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысына бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 4,45 теңгеге төмендеп, 431,08 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 3 наурыздағы ресми бағамы - 435,69 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 431,94 теңге, сату – 437,04 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 432,69 теңгеден сатып алынып, 436,08 теңгеден сатылып жатыр.