07 жел, 2022 сағат 15:38

Доллар бағамы сәл көтерілді


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтеріліп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,54 теңгеге көтеріліп, 473,54 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 7 желтоқсандағы ресми бағамы - 472,33 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 474,33 теңге, сату – 478,06 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 472,45 теңгеден сатып алынып, 475,74 теңгеден сатылып жатыр.