20 жел, 2022 сағат 15:40

Доллар бағамы сәл көтерілді

Фото: elements.envato.com

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтеріліп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,14 теңгеге көтеріліп, 469,18 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 20 желтоқсандағы ресми бағамы - 468,24 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 469,43 теңге, сату – 473,09 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 469,34 теңгеден сатып алынып, 472,52 теңгеден сатылып жатыр.