16 там, 2022 сағат 15:40

Доллар бағамы сәл өсті


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,36 теңгеге көтеріліп, 476,58 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 16 тамыздағы ресми бағамы - 476,18 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы - 475,90 теңге, сату - 480,03 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 475,46 теңгеден сатып алынып, 479,54 теңгеден сатылып жатыр.