17 қаң, 2023 сағат 16:20

Доллар бағамы сәл өсті

Сурет ашық дереккөзден алынды

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Қор нарығындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,23 теңгеге қымбаттап, 464, 09 теңгеге тең болды.

Ал АҚШ валютасының 17 қаңтардағы ресми бағамы - 462, 69 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы - 464 теңге, сатып алу - 467 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы - 463,5 теңгеден болса, сатып алу құны - 466, 5 теңге.