29 жел, 2022 сағат 15:40

Доллар бағамы сәл төмендеді

Фото: ИА «NewTimes.kz»

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,53 теңгеге төмендеп, 460,98 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 29 желтоқсандағы ресми бағамы - 461,23 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 462,70 теңге, сату – 466,98 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 463,14 теңгеден сатып алынып, 466,16 теңгеден сатылып жатыр.