09 қаң, 2023 сағат 15:47

Доллар бағамы сәл төмендеді

Фото: Zakon.kz

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,95 теңгеге төмендеп, 462,49 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 7-9 қаңтардағы ресми бағамы - 463,31 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы - 463,93 теңге, сату – 468,04 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 463,12 теңгеден сатып алынып, 466,22 теңгеден сатылып жатыр.