23 жел, 2022 сағат 15:40

Доллар бағамы тағы да төмендеді

Фото: Ашық дереккөзден

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 4,70 теңгеге төмендеп, 461,97 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 23 желтоқсандағы ресми бағамы - 466,98 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 463,88 теңге, сату – 468,10 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 464,58 теңгеден сатып алынып, 467,86 теңгеден сатылып жатыр.