01 нау, 2023 сағат 16:25

Доллар бағамы төмендеп жатыр

Фото: elements.envato.com

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,55 теңгеге төмендеп, 442,11 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 1 наурыздағы ресми бағамы - 445,82 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 442,85 теңге, сату – 446,56 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 441,40 теңгеден сатып алынып, 444,89 теңгеден сатылып жатыр.