02 мау, 2023 сағат 09:31

Джо Байден диплом табыстау рәсімінде сахнада құлап түсті

видео кадры

АҚШ президенті Джо Байден Колорадодағы Әскери-әуе күштері академиясының түлектерін құттықтау кезінде сахнада құлап түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы New York Post-қа сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Байден сахнада жатқан құм дорбасына шалынып қалған. Сақшылар дер кезінде жетіп, 80 жастағы президентті аяғынан тұрғызуға көмектесті.

Көп ұзамай Ақ үй әкімшілігі АҚШ басшысының жағдайына қатысты пікір білдіріп, оның жағдайы жақсы екенін айтты.

Бұған дейін Байден Питтсбургте (Пенсильвания) сөз сөйлегеннен кейін абдырап қалып, сахнадан шығудың жолын бірден таба алмағаны туралы ақпарат тараған еді.