
ЕАЭО интеграциясы ұлттық құқықтық жүйелердің ерекшелігін ескеруі керек. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біздің интеграциялық жұмыс ұлттық құқықтық жүйелердің ерекшелігін ескеріп, ұлттық заңнамалардың үйлесімі үшін қажеттілікке байланысты әрекет етуі керек. Сол себепті стратегияда келтірілгеніндей, бірқатар салада, атап айтқанда кеден ісінде, техникалық реттеуде, тұтынушылардың құқығын қорғау саласында құқықтық, әкімшілік, салықтық, қылмыстық жауапкершілікті енгізу турасындағы заңнамаларды үйлестіру мен унификациялау – біздің ойымызша ойлы толыққандылыққа жауап бермейді. Айналып келгенде бұл ұлттық қоғамдық ойлардың стратегияны шетке ысыруына әкеп соғады. Себебі стратегия үкімет пен парламенттің егеменді құқығын шектейді», - деді Қазақстан Президенті.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысы қазіргі келісімдерге сәйкес әкімшілік серіктестік, бұзушылар бойынша ақпарат алмасу, траншекаралық сипаттағы қауіптердің алдын алу секілді салаларда құзіретті органдардың арасында белгілі бір байланысу алаңы қалыптасқанын айтты.
