25 қаң, 2023 сағат 11:10

Екібастұз маңында жүк көлігі пойызбен соқтығысып, жүргізуші мерт болды

Фото: Polisia.kz Telegram арнасы

Екібастұз маңында жүк көлігі пойызбен соқтығысып, жүргізуші мерт болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

"24 қаңтарда сағат 17:10 шамасында Екібастұз қаласындағы Лесхоз ауылының маңында №7 шлагбаумы жоқ, күзетілмейтін темір жол өткелінде 49 жастағы машинист тізгіндеген жүк тиегіш электровозбен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды" - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жүк тиегіш көлік әкімдіктің мамандандырылған автотұрағына, ал электровоз депоға қойылған.