27 ақп, 2023 сағат 17:44

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды

Фото: t.me/KZgovernment

Досбол Бекмағамбетов экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бекмағамбетов Досбол Боташұлы ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Досбол Бекмағамбетов 1979 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Қарағанды облысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті Еңбек туралы заңнаманы бақылау бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы болып бастаған.

2007-2008 жылдары Қарағанды қаласы Нұра ауданы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік инспектордың бас маманы қызметін атқарды.

2008-2012 жылдары Қарағанды облысы Нұра ауданының экология инспекторының бас маман-уәкілі болған.

2012-2016 жылдары – Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің орынбасары.

2016-2017 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің құқықтық қамтамасыз ету және Мемлекеттік сатып алу басқармасының сарапшысы қызметін атқарған.

2017-2019 жылдары – су қорын мемлекеттік бақылау және қорғау бөлімінің бас маманы; ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

2019-2021 жылдары – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары; басшысы қызметін атқарған.

2021 жылдың сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары болған.