01 мау, 2023 сағат 17:48

Экологтар Каспий суының неліктен қара түске боялғанын түсіндірді

видеодан алынған кадр

Экология министрлігі Каспий теңізіндегі су түсінің өзгеру себептерін түсіндірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Еске салайық, әлеуметтік желілерде Ақтау қаласы 4-ші шағынаудан аумағындағы Каспий теңізі жағалауының қара түске боялғаны туралы ақпарат пайда болған.

Осы орайда, Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің мамандары жағдайдың себебін анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізген.

"Сараптау барысында теңіздің қара түске боялуының себебі шіріген теңіз өсімдіктері ыдырауынан және теңіз түбіндегі көпжылдық табиғи құбылыстарға байланысты тұнбаның жиналуынан екендігі анықталды. Алаңдауға негіз жоқ.

Сонымен қатар, жағалауды лай мен басқа да ластанудан тазарту үшін қажетті шаралар қабылданады. Аталған мәселе бойынша жергілікті экология департаменті тиісті мемлекеттік органдарға хат жолдады" - делінген хабарламада.

видео: LADA.KZ Telegram-арнасы