16 ақп, 2021 сағат 07:22

Елімізде дезинфекциялық құралдар мен минералды тыңайтқыштарға сұраныс артты

Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 4 пайызға артты. Бұл туралы Үкімет отырысында қаңтар айындағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы тақырыбын талқылау кезінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 4 пайызға артты. Негізінен, өсім халықтың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға деген сұранысының артуы есебінен болды. Дезинфекциялық құралдар мен минералды тыңайтқыштарға сұраныстың артуы химия өнеркәсібінің өндіріс көлемін арттырды. Өсім 12,8 пайызды құрады», - деді министр.