28 там, 2019 сағат 07:15

Елордада абайсызда суға құлап кеткен бала көз жұмды

Елордада бала өзенге батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ТЖД сілтеме жасап хабарлайды.

«27 тамыз күні сағат 18.05-те 112 пультіне баланың суға құлап кеткені туралы хабар келіп түсті. Шақырту орнына Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының бөлімшесі жіберілді. Келген бойда суға сүңгіген құтқарушылар шамамен 8-9 жастағы баланың денесін алып шықты. Болжам бойынша, ол Ақбұлақ өзеніне абайсызда құлап кеткен», - делінген департамент хабарламасында.

Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының техникасы мен 4 қызметкері барған. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.