Елордада алдағы демалыс күндері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Демалыс күнгі жәрмеңкелер елорда тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие. Себебі мұнда бірінші қажеттіліктегі азық-түлікті нарықтан төмен бағамен сатып алуға болады.
17 сәуірден Есіл ауданында Сауран көшесі 7-үйде демалыс күнгі жәрмеңке басталады.
15 мамырдан бастап Сарыарқа ауданында Қосшығұлұлы көшесі 14-үйде осындай жәрмеңке өтеді.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру, тұрғындар үшін азық-түлік өніміне қолжетімділікті қамтамасыз ету және бәсекелестік ортаны құру мақсатында өткізіледі.
Жәрмеңкеге Ақмола, Қарағанды облыстарының елордаға жақын аудандарынан шыққан отандық тауар өндірушілер, шаруа және фермерлік қожалықтар, сондай-ақ, қаланың жеке кәсіпкерлері қатысады.
Алдағы жәрмеңкеге Ақмола облысынан «Мәкенова» ЖК, «Кулкатово» ЖК, Қарағанды облысынан «Асхат» ет шаруа қожалығы, Петропавлдан «Панченко» ЖК кондитерлік өнімдері, «Роза» ЖК шұжық өнімдері әкелінеді.
