17 нау, 2021 сағат 13:22

Елордадан Алматыға қатынайтын «Бәйтерек» жолаушылар пойызының кестесі өзгерді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мереке күндері жолаушылар санының ұлғаюына байланысты 19 наурыздан бастап №10/9 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол - Алматы-1» бағытындағы «Бәйтерек» жолаушылар пойызының күнделікті қатынайтыны туралы хабарлайды.

Бұған дейін бұл пойыз күнара қатынайтын еді. 

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан BILET.RAILWAYS.KZ сайты арқылы онлайн жол жүру құжаттарын (билеттерін) немесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасының көмегімен билеттерді рәсімдеуді сұрайды. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда теміржол билеттерін сатып алу үшін «Күту парағы» функционалын пайдалануға болады.

Сондай-ақ, карантин режиміне байланысты жолаушыларға жол бойында және вокзал аумағында бетперде режимін сақтап жүруі керегі ескертіледі.