01 нау, 2023 сағат 09:42

Энтони Блинкен Қазақстанға алғыс білдірді

Фото: instagram.com/secblinken

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Twitter парақшасында Қазақстан Президентіне және еліміздің Сыртқы істер министрлігіне алғыс айтып, жазба қалдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Қайырлы күн, Қазақ елі! Мен осында өткізген сапарым мен нәтижелі кездесулерден ләззат алдым. Президент @TokayevKZ (Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter-дегі парақшасы – еск.) және @MFA_KZ (Қазақстан СІМ Twitter-дегі парақшасы – еск.) Қазақстанда жылы қарсы алғаныңыз және #C5plusUS өткізгеніңіз үшін алғыс айтамыз", - делінген жазбада.

Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Астанаға ресми сапармен келіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті. Сондай-ақ ол Орталық Азиядағы бес республика өкілдерімен «С5+1» форматындағы министрлер кездесуіне қатысты.