02 жел, 2022 сағат 20:33

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып қалды


Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.

Ол бұл қызметті 2022 жылдың 31 қаңтарынан бастап атқарып келеді.

Айта кетейік, кезектен тыс президент сайлауынан кейін өңір әкімдерін тағайындау процесі жүріп жатыр.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов те өз қызметін сақтап қалды.