02 нау, 2023 сағат 10:54

Ердоған 14 мамырда сайлау өткізу туралы шешімін растады

Фото: gov.tr

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 14 мамырда президенттік және парламенттік сайлау өткізу туралы шешімін растады. Бұл туралы ол биліктегі Әділет және даму партиясы (AKP) атынан парламентте сөйлеген сөзінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

"Уақыт таяп қалды. 14 мамырда халқымыз қажет нәрсені жасайды деп үміттенемін", - деді Түркия басшысы.

Ердоған үкіметі Түркия мен Сирияда болған жер сілкінісінен қаза тапқандар санының көптігі үшін сынға алынған болатын.

Елдегі және шетелдегі сыншылар AKP жылдар бойы құрылысшылар мен үй иелеріне ғимараттарды қауіпсіз ететін ережелерді бұзғаны үшін амнистия жариялағанына назар аударған.