06 нау, 2023 сағат 13:05

Еркебұлан Дауылбаев вице-министр қызметінен кетті

Фото: primeminister.kz

Еркебұлан Дауылбаев индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев берген өтінішіне сәйкес, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Еркебұлан Дауылбаев 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Ресей кеден академиясын бітірген. Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің ОҚО бойынша Кедендік бақылау департаменті инспекторы, жетекшісінің орынбасары болып бастаған.

Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде басшылық қызметте болды.

2017-2018 жылдары – ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары.

2018-2020 жылдары Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі болған.

2020-2021 жылдары – ҚР ИИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары.

2021-2022 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2022 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметін атқарған.