15 ақп, 2024 сағат 10:09

Францияның бұрынғы президенті алты айға бас бостандығынан айырылды


Париждің апелляциялық соты Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиді нақты алты ай бас бостандығынан айырып, алты ай шартты мерзімге кесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Euronews сайтына сілтеме жасай отырып. 

Bigmalion пиар-компаниясы жалған шот-фактуралар ұсынып, экс-президентке қызмет көрсеткен деседі. Бұл іс бойынша Николя Саркозиден бөлек 13 адам айыпталып отыр.

Іс бойынша 2012 жылғы президенттік науқанында Саркози заңсыз қаржыландыру алып, заңда белгіленген шектен екі есе дерлік қаржы жұмсаған.

Бұрынғы мемлекет басшысының адвокаты бұл шешімбойынша Францияның Жоғарғы сотына шағымдануды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.