13 нау, 2026 сағат 15:04

Снежанна Имашева Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болып тағайындалды

Фото: Мәжіліс

Мемлекет басшысының өкімімен Снежанна Валерьевна Имашева Қазақстан Республикасындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ult.kz.

Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары лауазымын атқаратын болады.