Фото: ашық дереккөз
Желіде жеке өміріне қатысты сыбыс тараған әнші Рүстем Жүгінісов мәлімдеме жасады.
Бұл туралы ол жеке парақшасында жазды.
"Әйелдерімді санамай, аңдымай, сөз қылмай жүріңіздерші. Өзім білемін қанша қатын алсам да", - деді ол.
Айта кетейік, 23 жастағы ару өзінің Рүстем Жүгінісовтің екінші әйелі екенін айтып, әншінің үшінші рет те үйленгенін жазған еді.
