25 қаң, 2023 сағат 12:52

Қарағанды ​​облысындағы карьерде жұмысшы қаза тапты

Сурет: golos-naroda.kz

Қарағанды ​​облысындағы карьерде "Nova Цинк" серіктестігінің жұмысшысы руда үйіндісінің астында қаза тапты. Бұл деректі арнайы комиссия тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Апат қабылдау бункерінде кенді ысыру жұмыстары кезінде болған. 23 жастағы жұмысшы бункерге құлап, оны кен ағыны басып қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, оған оттегі жетіспей тұншығып қайтыс болған. 

"Осы факт бойынша арнайы тексеру жүргізу үшін комиссия құрылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері арнайы тергеу нәтижелері бойынша анықталады, ол туралы қосымша хабарлайтын боламыз", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.