11 мау, 2022 сағат 12:02

Қарағанды облысының әкімі қызметін жалғастыра береді


Қарағанды облысының әкімі қызметін одан әрі жалғастыра береді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Президенттің баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

"Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қызметін одан әрі жалғастыра береді", - деп жазды Руслан Желдібай.

Жеңіс Қасымбек Қарағанды ​​облысының әкімі болып 2019 жылдың қыркүйегінде тағайындалған болатын. Оған дейін Премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған.

Ол - Жамбыл облысының тумасы. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын сәулетші-дизайнер мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылы Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.