29 шіл, 2019 сағат 16:27

Қарағандыда бір ауданның халқы электр жарығынсыз қалды

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының тұрғындары электр жарығының өшуіне қатысты шағымдануда. Қызмет көрсетуші компания бұл ауданда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қарағанды Жарық» ЖШС басшылығы «Сантехникалық-Жаңа Майқұдық» ӘЖ - 35 кВ 1, 2-ші тізбегінде найзағайдан қорғау тросын ауыстыру жұмыстары жүргізілуіне байланысты Қарағанды қаласының Октябрь ауданында электр энергиясының жоспарлы түрде өшірілгенін хабарлады.

2019 жылға жоспарланған жөндеу жұмыстарының кестесіне сәйкес, 2019 - 2020 жылғы жылыту маусымына дайындық жүргізу үшін Қарағанды қаласы Октябрь ауданының (Майқұдық) тұтынушыларын тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында «Сантехникалық-Жаңа Майқұдық» ӘЖ - 35 кВ 1, 2-ші тізбегіндегі арқандарды найзағайдан қорғауы тиіс.

Жөндеу жұмыстары барысында қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Сантехникалық-Жаңа Майқұдық» ӘЖ - 35 кВ екі тізбегін өшіру қажеттігі туындаған. Бұл ретте: 11 а шағын аудандар, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19; 1, 2 Чапаев көшесі; Винницкая көшесі; «Умай» дүкені; 5451 әскери бөлімі электр жарығынан ажыратылады. Қалың көпшілікке ыңғайсыздығын төмендету үшін электр жарығы 2019 жылдың 29 шілдесінен 2 тамызына дейін түнгі уақытта 24:00-ден таңғы 07:00-ге дейін өшіріледі. Тәуліктің күндізгі уақытында электрмен қамтамасыз ету қалыпты жағдайда болады», - деп хабарлады «Қарағанды Жарық» ЖШС баспасөз қызметі.

Өткізілетін іс-шаралар алдағы жылыту маусымы кезінде тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын жақсартуға мүмкіндік береді және технологиялық ақаулар мен апаттық жағдайлардың туындау ықтималдығын төмендетеді.