
Елордада Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің «Шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы» жаңа қаулысында бірқатар нысанның жұмысын ұйымдастыру талаптары түсіндірілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Халыққа қызмет көрсету орталықтары күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық шараларды сақтаған жағдайда, қатаң түрде Egov.kz, «EgovKZBot 2.0» Тelegram-ботпен алдын ала брондау арқылы жұмыс және сенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін істейді, ал жексенбі күндері жабық болады.
«Қазпошта» АҚ онлайн режимінде көрсетілмейтін қызметтер бөлігінде күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық шараларды сақтай отырып, жұмыс және сенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін ашық болады, жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады.
Денсаулық сақтау нысандарына баруды 5 адамнан аспайтындай етіп ұйымдастыру керек, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін нысандар жұмысы санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық күшейтілген шараларды сақтай отырып штаттық режимде ұйымдастырылады.
Жеке медициналық орталықтардың, клиникалардың, стоматологиялардың жұмысын қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, санитариялық -эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық күшейтілген шараларды сақтаумен, кестені жұмыс және демалыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру керек.
Серіктестік босануға нәтижесі 3 тәуліктен аспаған COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасы болған кезде рұқсат беріледі.
Балалар мен ересектерге арналған түзету кабинеттерінің жұмысы (15 адамнан артық емес, алдын ала жазылу бойынша) санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық күшейтілген шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесі жұмыс және демалыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін белгіленеді.
ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес, уақыты мен саны бойынша шектеумен, қаржы нарығы субъектілерінің (екінші деңгейдегі банктер, айырбастау пункттері, ипотекалық ұйымдар, сақтандыру ұйымдары, сақтандыру брокерлері, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, төлем ұйымдары, коллекторлық агенттіктер) қызметіне рұқсат беріледі.
Бизнес-орталықтардың, іскерлік үйлердің, ондағы адвокаттардың, нотариустың, бухгалтер мен консалтингтің қызметін көрсету нысандарының, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының, туроператорлардың және басқа жұмысына күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық шараларды сақтаумен, жұмысшылардың кемінде 80% қашықтан жұмысқа ауыстыруды қатаң түрде сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін рұқсат беріледі. Азық-түлік емес тауарларын сату бутиктерінің (бөлімдерді) жұмысына жексенбі күндері тыйым салынады.
Халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы туризм нысандары мен ұйымдардың (қонақ үйлер, отелдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.) жұмысы санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық күшейтілген шараларды сақтай отырып, жобалық қуаттың 80%-нан аспайтын толымдығын сақтай отырып ұйымдастырылады.
Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің жұмысы санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық күшейтілген шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 м2 толымдылығын сақтап, жұмыс және сенбі күндері штаттық режимде жүреді және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады. Бұл ретте көрсетілген нысандар мен олардың аумақтарындағы аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарының, мұзды және роликті сырғанақтардың, ойын орталықтарының жұмысына қатаң тыйым салынады. Фудкорттардың жұмысы штаттық режимде тек тамақты жеткізуге және шығаруға рұқсат етіледі. Акциялар, жәрмеңкелер, шоурумдар және ұтыс ойындарын өткізуге тыйым салынады (онлайн форматтан басқа).
Ашық ауадағы аттракциондар жұмысына тыйым салынған және санкцияланбаған аттракциондарды қоспағанда, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық күшейтілген шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін рұқсат беріледі.
Аниматроникстер, океанариум театрларының жұмысына қатаң түрде галереялар/музейлер типі бойынша жұмыс режимінде әр аймаққа бір уақытта 10 келушіден асырмай, бір келушіге кемінде 4 м2 орын қалдырып, театр қойылымдарын өткізуге тыйым сала отырып, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық күшейтілген шараларды сақтай отырып, жұмыс және сенбі күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін рұқсат беру;
Байланыс зообағы бойынша орналасқан жеріне қарамастан, бір уақытта 5 келушіден асырмай, бір келушіге кемінде 4 м2 орын қалдырып, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық күшейтілген шараларды сақтап, жұмыс және сенбі күндері штаттық режимде істеуге рұқсат беріледі.
Су аттракциондарынсыз бассейндердің жұмыс істеу бөлігіндегі жабық жағажайлар мен аквапарктардың жұмысына бір адамға 5 м2 қалдырып, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық күшейтілген шараларды сақтай отырып, жұмыс және сенбі күндері штаттық режимде істеуге рұқсат беріледі, жексенбі күндері олардың жұмысына тыйым салынады.
Қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысына (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) орналасқан жеріне қарамастан, ғимарат ішінде 50%-ға дейін және 30 орыннан аспайтын шарттарды сақтаған жағдайда, көрші үстелдер арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық күшейтілген шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін рұқсат беріледі, тамақты жеткізу және шығару қызметі штаттық режимде болады. Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), мерекелік корпоративтер және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады.
Сонымен бірге, жабық азық-түлік базарларға санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық шараларды күшейте отырып, бір келушіге 4 м2 толымдығын сақтап, штаттық режимде жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Жабық азық-түлік емес базарларда санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық күшейтілген шараларды сақтай отырып, жұмыс және сенбі күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат.
Ашық ауадағы азық-түлік және азық-түлік емес базарлар санитариялық-эпидемияға қарсы,санитариялық-профилактикалық күшейтілген шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Демалыс күнгі азық-түлік жәрмеңкелерінің (ашық ауада) жұмысы күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып және жұмыс кестесін текдемалыс күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастырылады.
Азық-түлік тауарларын сату нысандары (дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер), орналасқан жеріне қарамастан, жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен толымдылығын сақтаған жағдайда, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істейді. Азық-түлік емес тауарларды сату нысандары бір келушіге 4 м2 аумақ қалдырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және сенбі күндері штаттық режимде істейді және жексенбі күндері тыйым салынады.
