Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі
Қазақстанда құрамында есірткі бар өсімдіктердің 27 мыңнан астам бұтасы тәркіленіп, жойылды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
"Қарасора-2025" кең ауқымды операциясы 1 маусымнан 31 қазанға дейін Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде құрамында есірткісі бар өсімдіктердің өсу маусымында өткізіледі.
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжановтың айтуынша, үш айлық есірткіге қарсы арнайы операция кезінде 677 есірткі қылмысы анықталды. Оның ішінде 242 өткізу фактісі, 220 қарасора өсіру дерегі бар.
"Заңсыз айналымнан 6 тонна есірткі заты, 2 тонна марихуана, 47 кг гашиш, 3 тонна каннабис өсімдігі, сондай-ақ 155 кг синтетикалық есірткі, 8,5 тонна прекурсор тәркіленді. Құрамында есірткісі бар өсімдіктердің 27 мыңнан астам бұталары тәркіленіп жойылды", - деді спикер орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференцияда.
9 есірткі зертханасы жойылып, 3 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды.
