29 жел, 2020 сағат 15:18

Қаратаулықтар партияның пәрменімен «Еңбек» бағдарламасының шарапатын сезінеді

Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында «Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатығына кандидат Гулам Умаров «Есіктен-есікке» акциясын өткізіп, аудан тұрғындарына партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының басымдақтары бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

  • «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына сай 2023 жылға қарай облыстағы 119 ауылды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сондай-ақ партияның ықпалымен 2025 жылға қарай 107 ауылдық елді мекенді газбен қамтылады. Мұнан бөлек «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, Тараз қаласы мен 10 аудандағы 85 ауылдық елді мекенде жалпы ұзақтығы 862 шақырым болатын ауыз су құбыры желілерінің құрылысы іске асырылады. 2025 жылға дейін жазғы саяжай алқаптары тұрғындарын инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі, – деді кандидат.

Бағдарламадағы негізгі басымдықтың біріне жататын экологиялық ахуалды жақсарту шаралары аясында Қаратау қаласында ауа тазартатын құрылғылар кешені салынады. Сондай-ақ, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қаратау қаласымен бірге Тараз, Жаңатас қалаларында 35 жоба іске асырылады.

– Баршаңыз соңғы жылдары «Nur Otan» партиясының ықпалымен атқарылған қыруар жұмыстан хабардарсыздар. Бір ғана Қаратау қаласының өзінде еліміздің бас партиясының бастамасымен қолға алынған баянды бастамалар жетерлік. Осы игі істердің лайықты жалғасын табуы үшін баршаңызды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын, – деді  Гулам Умаров.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының сайлау қорының қаражатынан төленді.