01 шіл, 2025 сағат 12:59

Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығының бұрынғы өкілі алаяқтық жасады деп күдіктелуде

Фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы, отставкадағы генерал-майорға қатысты тергеу жүргізуде. Ол кәсіпкердің сенімін пайдаланып, аса ірі мөлшерде ақшалай қаражатты иемденген деп күдіктелуде, деп хабарлайды Ult.kz.

Күдікті жоғары дәрежелі әскерилердің беделін пайдаланып, министрліктер мен шетелдік серіктестердің атынан әлеуметтік жобаларға инвестиция салу арқылы жоғары табысқа уәде берген. Бұл әрекеттер адал кәсіпкердің қаржысын заңсыз иемдену мақсатында жасалғаны анықталды.

Қазіргі таңда күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Оның осындай қылмыстық құқық бұзушылықтарға ықтимал қатысы тергелуде.