09 ақп, 2023 сағат 12:48

Kaspi.kz қосымшасы арқылы Түркияда зардап шеккендерге қаражат аударуға болады

Фото: ©REUTERS

Kaspi банк Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге көмек аударатын шот ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі Банкке сілтеме жасап.

«Апаттан зардап шеккен түркиялықтарға көмекті Kaspi.kz қосымшасы арқылы аудара алады. Ол үшін төмендегі шоттарды таңдау керек: Төлемдер – Қайырымдылық - Ұлттық волонтерлік желі Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек. Екінші жолы: Төлемдер – Қайырымдылық – Түркия Халқына Жәрдем қаражат Түркиядағы AFAD қорына жіберіледі. Бұл екі есеп-шот та өте сенімді», - делінген банктің хабарламасында.

Біріншісі, «ҰВЖ» ЗТБ жұмысын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үйлестіріп отыр. Kaspi.kz арқылы көмек аудару да министрліктің тікелей ұсынысымен бүгін шұғыл ашылған.

Екінші, шот Қазақстандағы Түркия елшілігінің ұсынысымен «Жәрдем науқаны» аясында бүгін шұғыл іске қосылды.

«Көмек аударымын жасау өте оңай. Kaspi.kz – Қайырымдылық - жоғарыдағы екі қордың бірін таңдап, 100 теңгеден бастап кез келген көлемдегі қаражатты аудара аласыз. Көмек қаржы түгелімен, комиссиясыз санаулы секундта ұйым шотына түседі», - деп толықтырылды хабарлама.

Айта кетейік, Түркиядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 12,3 мыңнан асты, 62 914 адам жарақат алды. Халықты орналастыру үшін 70 818 шатыр тігілген.