07 қаз, 2021 сағат 20:00

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады



Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жойқын жер сілкінісіне байланысты осы елдің Президенті Ариф Алвиге көңіл айту жеделхатын жолдады.

– Қазақстан халқының және өзімнің атымнан табиғи апаттан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.