17 сәу, 2026 сағат 11:06

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға жұмыс сапарымен барады


Фото: gov.kz
17 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Ult.kz.

Қазақстан Президенті Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысып, панелдік сессияда сөз сөйлейді. Сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.

Анталия форумы – жыл сайын саяси көшбасшылар, дипломаттар, сарапшылар, бизнес, медиа және азаматтық қоғам өкілдері бас қосатын жоғары деңгейдегі халықаралық пікірталас алаңы.